СҚО-ның екі студенті есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-ның екі студенті есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды

12.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысының 2 студенті есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды.

Жастар жарнамалық сайт арқылы курьер болып жұмысқа орналасқан. Алайда кейін студенттерге есірткі тарату ұсынылған. Полиция оларды орман ішінде жасырынған «мефедронды» алып, Көкшетау қаласына бара жатқанда ұстады. Тінту кезінде табылған 21 түйіншек заттай айғақ ретінде тәркіленген. Бірақ, жастардың ата-аналары сот үкімімен келіспейді. Айтуларынша, балалары мұндай қылмысқа қорыққаннан барған. Қазір іс Ақмола облыстық аппеляциялық сотында қайта қаралып жатыр.

Жанна Жанпейісова, анасы:

Кейін ғана айтқан, курьер емес, закладчик болып жұмыс істейсің. Сол кезде менің балам «істемеймін» дегенде, угрозалар поступали. Қорыққанынан істеді деп ойлаймын. Ең болмаса сол сәтте біреу қасында «сен олай істеме, қорықпа, мұның бәрі өтірік» деп айтатын болса, ол ойланып қалар еді.

Жалпы, былтыр елімізде 3 мыңға жуық есірткі қылмысы тіркелген. Оның 60 проценті психотроптық заттарды сату дерегі. 4 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, 70 жасырын зертхана жойылды. Жалпы салмағы 16 тонна есірткі тәркіленген. Ал осы жылдың 3 айында 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу