Петропавлда тасқынның алдын алу жұмыстары қызды
Петропавлда тасқынның алдын алу мақсатында Есіл өзенінің сағасында орналасқан аудандарда салынған бөгеттерді нығайтып жатыр. Соңғы уақытта аймақтағы шағын өзендерде су деңгейі қайта көтеріле бастаған. Мамандардың болжамы бойынша, сәуірдің 18-і мен 21 аралығында облыс орталығында тасқын шарықтау шегіне жетеді. Соңғы тәулікте Есілдегі су деңгейі 2 метрге жоғарылады. Әзірге ешбір нысанды су басқан жоқ. Дегенмен қалада 5 мың тұрғыны бар 3 аудан әлі де қауіпті аймақта тұр. Сондықтан бірнеше мектепте эвакуациялық бекеттер әзірленді.
Денис Маршалов, жұмысшы:
Жыл сайын бөгеттерді нығайтамыз. Ақ балшық әкеліп төгіп жатырмыз. Өйткені нысанның кей жерлері бүлініп, жылына 5-7 сантиметрге дейін шөгеді. Инертті материалдар әзірленді. Тасқын қаупі сейілгенше тыным таппаймыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09