Петропавлда тасқынның алдын алу мақсатында Есіл өзенінің сағасында орналасқан аудандарда бөгеттер нығайтылып жатыр. Соңғы кездері шағын өзендерде су деңгейі қайта көтеріле бастаған. Мамандардың болжамы бойынша, сәуірдің 18-і мен 21 аралығында облыс орталығында тасқын қаупі ұлғаяды. Соңғы тәулікте Есілдегі су деңгейі 2 метрге жоғарылады. Әзірге ешбір нысанды су басқан жоқ. Дегенмен 5 мыңдай тұрғыны бар 3 аудан әлі де қауіпті аймақта тұр. Сондықтан бірнеше мектепте эвакуациялық бекеттер әзірленді.
Денис Маршалов, жұмысшы:
Жыл сайын бөгеттерді нығайтамыз. Ақ балшық әкеліп төгіп жатырмыз. Өйткені нысанның кей жерлері бүлініп, жылына 5-7 сантиметрге дейін шөгеді. Инертті материалдар әзірленді. Тасқын қаупі сейілгенше тыным таппаймыз.
Эльмира Кәленова