Бүгін Ұлттық арна эфирінен Г.Әлиев туралы деректі фильм көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна эфирінен Г.Әлиев туралы деректі фильм көрсетіледі

10.04.2023

Бүгін Ұлттық арна эфирінен Әзербайжанның мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев туралы «Ғазиз ғұмыр» деректі фильмі көрермен назарына ұсынылады. Онда Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасына қосқан еңбегі, екі елдің ынтымақтастығы туралы баяндалады. Көрнекті қайраткердің 100 жылдығына арналған жобада Гейдар Әлиевпен үзеңгілес саясаткерлер, Қазақстан мен Әзірбайжанның мемлекет және қоғам қайраткерлері естеліктерімен естеліктерімен бөліседі. Деректі фильм 21:30-да эфирге шығады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу