Жапонияда 10 адам іздестіріліп жатыр
Жапонияның Окинава аралдары тізбегінің маңында әскери тікұшақпен жоғалып кеткен 10 адам іздестіріліп жатыр. Әуе көлігі бейсенбі күні радар экранынан ғайып болған. Борттағылардың алтауы – жолаушы, төртеуі – экипаж мүшесі. Тікұшақ Миякодзима аралы маңындағы суда барлау жүргізу үшін аспанға көтерілді. Сол сәтте дәл осы аудан арқылы Қытай теңіз күштерінің кемелері Тынық мұхиттан Шығыс-Қытай теңізіне кетіп бара жатқан. Дегенмен, жапондық экипаж қытайлықтардың әскери әрекеттерін бақылады ма деген сауалға әзірге жауап жоқ. Судан Жапония армиясының тікұшағына тиесілі есік және басқа да сынықтар табылған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16