Түркістан облысында жайылым мен ағын су мәселесі өткір тұр
Келес ауданына қарасты Қошқар ата ауылында жайылым мен ағын су мәселесі өзекті. Ал көршілес Аманжар елді мекеніндегі жұртты жол азабы титықтатып отыр. Көгілдір отын да жеткізілмеген. Жергілікті халық бұл мәселелерді жыл сайын көтергенімізбен шешімін табар емес дейді.
Гүлжан Исабаева, Аманжар ауылының тұрғыны:
25 бала бастауыш класқа мына жерден мектепке барады. Целлофанды мына жерге шейін кигіземіз. Сонымен шығарып саламыз, сонымен қайтып келеді. Машина түгілі адам жүре алмайды мына көшемен. Мектептен бір он камаз күл әкелейік десек, бес-ақ камаз шықты. Қоңсылармен ұрысып, әйтеуір сай сай жермен төсеттік.
Президент тапсырмасына сай ауыл әкімдері әр үш ай сайын ауыл-ауылды аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға міндетті. Аманжар ауылының тұрғындарымен кездескен аудан әкімі ішкі жолдарды жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінетінін айтты. Сондай-ақ, төрт жыл бұрын тартылған құбырлар іске қосылып, көгілдір отын берілмек.
Жәнібек Ағыбаев, Келес ауданының әкімі:
Көпшілігі мына инфрақұрылымға қатысты болып отыр. Ол жол мәселесі, су мәселесі, ауыз су мәселесі және жайылым мәселесін көтеріп жатыр. Енді әр мәселеге сәйкес салалық бөлімдерге тапсырма берілді.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09