Елімізде кедендегі электронды кезекке тұру жүйесі реттеледі
Елімізде кедендегі электронды кезекке тұру жүйесі реттеледі. Жауапты министрлік өкілдері 16-сәуірден бастап көлік кезегін тіркейтін ескі бағдарламаны тоқтатып, жаңа жүйеге көшетінін мәлімдеді. Өйткені, шекарадағы пысықайлар кезектегі орнын сатуды әдетке айналдырған. Сауда қызған кездерде «көлеңкелі қызмет құны» 40 мың долларға дейін жетеді. Сондықтан кей талаптарға өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес жүк тасымалдаушылар өткізу пунктінің аумағында 72 сағаттан артық тұра алмайды.
Елдос Саудабаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры:
Кей тасымалдаушылар «E-border» жүйесінің басқа мемлекеттік органдар базасымен интеграция жасалмағанын пайдаланып кезектегі орнын сатумен айналысқан. Осындай құйтырқы әрекеттердің кесірінен тасымал құны 50 мың долларға дейін өскен кездер болды. Мұны болдырмау үшін қазір «CarGoRuqsat» бағдарламасын жасақтадық. Онда талапқа сай келмейтін көлік тіркелмейді. Кезектегі орнын сату да мүмкін емес.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19