Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеген

06.04.2023

Ерлі зайыптылар мүмкіндігі шектеулі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеген. 46 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын олар арнайы Ақтөбеге әкелген. Базар мен мешіт алдына шығарып, күніге тапқан ақшасын алып отырған. Кембағал жанның айтуынша, қайыр сұрау үшін тағы екі адам қосылған. Бұл заңсыздықты жуырда еріктілер әшкереледі.

Жәбірленуші:

Басында олардан қашып та кеттім. Алайда ұстап әкеліп, өлімші етіп сабады. Содан бастап жағдайым туралы біреулерге айтуға қорықтым. Ақтөбеге келгеннен кейін пәтерде солармен бірге тұрдым. Олар маған күніне бір-ақ рет Қытай кеспесін берді. Тапқан ақшамды толықтай алып отырды. Жұма күндері мешіт жанынан 40-50 мың теңгеге дейін түсетін.

Ерлі-зайыптыларға қатысты іс қозғалды. Ал Шымкентте күтіп отырған ағайыны жоқ мүмкіндігі шектеулі азамат Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығына орналасады. Адам саудасына қарсы халықаралық ұйым мүшелерінің айтуынша, жыл басынан бері өңірде осыған ұқсас екі жағдай тіркелген.

Гүлнұр Едігеева, «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығының атқарушы директоры:

Мына екі факт,екеуі де қазақстан азаматтары.Бірақ жиі кездесетін басқа елдің азаматтары. Ондай азаматтар келгенде бір сомаға келіседі, әрі қарай жұмыс біткеннен кейін айлығын ала алмай жүреді, құжатын тартып алып, бермей жүреді. Сол кезде сөйлескенде кейбірін азаматтық сотқа жібереміз, кейбірі қылмыс болып саналады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу