Ал АҚШ-та балалар сабақтан бас тартып, шеруге шықты. Олар қарумен байланысты зорлық-зомбылыққа наразылық білдіріп жатыр. Елдің бүкіл аумағында басталған акцияға «Оқушылар әрекетті талап етеді» деп аталатын ұйым бастамашы болған. Күн сайын осы ұйымның сайтында америкалықтардың оққа ұшып мерт болғаны, жүздеген тұрғынның жараланғаны туралы хабарлар тарап жатады. Наурыздың соңында Нэшвилл қаласындағы мектепте болған қарулы шабуылдан үш оқушы мен үш қызметкер мерт болған еді. Полиция жедел әрекет етіп, қаскөйді өлтірді. Осы мектептің бір кездегі түлегі 28 жастағы тұрғынның неліктен мұндай әрекетке барғаны түсініксіз. Жыл басынан бері Құрама Штаттардағы мектептердің аумағында 90 рет оқ ату оқиғасы тіркелген. Ал өткен жылы мұндай фактілер 300-ден асып кеткен.
Арыстан Рысбек