Ресейде жаңа вирус тіркелді
Ресейде жаңа вирус тіркелді. Хасеки деп аталған індет кенелерден тарайды. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, инфекция қаншалықты қауіпті?
Индира Бегайдар, тілші:
Шерхан, мамандардың мәліметінше, Хасеки вирусын жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынуы мүмкін. Сондай-ақ, адам ағзасында респираторлық синдром пайда болады. Яғни инфекция көбейіп, тіпті адам өліп кетуі мүмкін деген де қауіп бар. Қазір осы жаңа инфекция Новосибирск қаласында тіркелген. Бірақ ғалымдар бұл вирус басқа да аймақтарда таралып жатыр дейді.
Индира, вирусқа қарсы вакцина бар ма? Вирусологтардың пікірі қандай?
Қолданыстағы препараттар вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырмайды дейді вирусологтар. Өйткені Хасекиде осыған дейін зерттелмеген тәуелсіз антигендер бар. Ал оны жұқтырған адамда миға әсер ететін бактериалық менингит болуы мүмкін. Ауру кең тараса, елде карантин жариялануы ықтимал. Сондықтан мамандар жуық арада вакцина жасап шығарып, оны ұлттық екпе күнтізбесіне енгізуді жоспарлап отыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді
02.04.2026, 20:59
Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
02.04.2026, 20:58
Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
02.04.2026, 20:54
«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
02.04.2026, 20:52
Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан
02.04.2026, 20:50
Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
02.04.2026, 20:17
Қарағандыда жоғалған бала полиция мен еріктілердің арқасында аман-есен табылды
02.04.2026, 20:15
Еңбек құлдығына түскендердің арасында ІТ-мамандары басым
02.04.2026, 20:15