Қызылорда облысында қауіпті індеттің таралу ошағы азайды
Қызылорда облысында «Конго-Қырым» қанды безгегінің таралу ошағы азайып келеді. Былтыр ауру тасымалдағыш кенелер 116 елдімекеннен анықталса, биыл тізімде 106 ауыл тұр. Бұл зиянкестерге қарсы жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарының нәтижесі дейді эпидемиологтар. Көктем басталғалы 46 адам кене шақты деп медициналық көмекке жүгінген. Оларда қауіпті кеселдің белгілері анықталмады. Залалсыздандыру шаралары жуырда басталады. Биыл 30 мыңнан астам қора, 560 мыңдай түлік кенеге қарсы дәрілеуден өтеді.
Әлия Әбдіқайымова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Экзотты кенелердің бүгінгі күні облысымызда 16 түрі мекендейді. Бүгін бес мыңның үстінде кене жиналды. Қазгі таңда 510 кене зертханалық жолмен зерттелді. Бірақ оң нәтижелі вирус тасымалдаушы кенелер анықталған жоқ.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22