«Қазақ даласы тарихи карталарда: кеңістік пен аумақ құрылымдары». Осындай атаумен Ұлттық музейде көрме ашылды. Онда XVI ғасыр мен 1939 жыл аралығында еуропалық, америкалық, ресейлік картографтар сызбасын салған тарихи 26 карта қойылған. Бұл карталар Ерлан Қариннің жеке коллекциясынан ұсынылып отыр. Онда қазіргі Қазақстан Республикасының құрамына кіретін аймақтар көрсетіліп, бекітілген. Жалпы көрме 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде кезең мен оқиғаларға сай карталар қойылған.
Айнұр Ақжасарова, ұлттық музейдің ғылыми қызметкері:
Бұл көрмеде көрсетілген карталар қазақ тарихының, қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойы келе жатқанын көрсетеді. Көрме бір ай жұмыс жасайды.
Бақдәулет Бақытбек, қала тұрғыны:
Бұл коллекциялардан неміс, француз, италияндық картографтар орта ғасырдан бастап қазақ жерінің терриорияларын өздерінің карталарына енгізіпті, жалпы коллекция қызықты. тарихқа бір шолу жасап шықтық.
Азамат Бейбітұлы