Ақтөбеде аграрлық салада алуан мәселе бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде аграрлық салада алуан мәселе бар

03.04.2023

Ауыл шаруашылығына арналған субсидияны беру талаптарын қайта қарау керек. Мұндай ұсыныс бүгін Ақтөбе облысында жасалды. Аграрлық салада басқа да күрмеуі қиын мәселе көп.

Қазір Ақтөбе облысындағы қамбаларда 30 мың тоннаға жуық қатты бидай жатыр. Себебі шаруашылықтар оны ешқайда сата алмаған. Тіпті макарон өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға да өтпеген.

Нұрбек Тілемісов, серіктестік басшысы:

Продкорпорация 140 деп обьявление берді аламыз деп.Содан кейін 125 ке түсірді. Ол 225-ке октябрдің аяғында .Одан кейін вагон жоқ деді.Соны біз сата алмай отырмыз.

Аграрлық салада қордаланған мәселелерді Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облысының фермерлері бірігіп талқылады. Күн тәртібінде тұрған сұрақтың біразы субсидияға қатысты. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компанияларынан берілетін несие үстемақысы 24 пайызға дейін көбейіп кеткені де айтылды.

Мақсат Балғазин, шаруа қожалығының басшысы:

24 пайызға аласың, содан кейін біз 14-15 пайыз субсидиялаймыз.Содан кейін субсидия түсе ме, түспей ме, қашан түсед? Ертең министрлік, Үкімет субсидияны бермейміз деп шығады.Онда біз төлей алмай қаламыз, банкрот боламыз.

Кездесуде «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына берілетін қаржы көлемін көбейту жағы да талқыланды. Мал және егін шаруашылығында еңбек ететіндер аграрлық несие корпорациясына онлайн өтініш беру кезіндегі қиындықтарды және басқа да мәселелерді талқылады.

Нияз Көшкімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры:

Қойып жатқан талаптары – сусбидияларыды алып тастаңдар, кейбір субсидияларды қайтып қосыңдар деген.Бұның барлығы үкімет деңгейінде тағы қарастырылады. Әрбір шаруашылықтың сұрағына жауап берілетін болады.

500-ге жуық фермер қағазға 15 талап-тілекті тізіп берді. Ауыл шаруашылғы министрлігі мен жергілікті әкімдік өкілдері бұл шағымдардың әрқайсысы жіті зерттеліп, тиісті шешім қабылданады деп сендірді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу