Мәжіліс қайта сайланғаннан кейін тараған Үкімет жасақтала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс қайта сайланғаннан кейін тараған Үкімет жасақтала бастады

03.04.2023

Мәжіліс қайта сайланғаннан кейін тараған Үкімет жасақтала бастады. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше жарлығы шықты. Қай министр ауысты? Жаңадан келгендері бар ма?

Қазір Қазақстанда 18 министрлік яғни 18 министр бар. Әлихан Смаиловтың екі орынбасары мен үкімет аппаратының басшысын қосқанда барлығы 21 адам тағайындалуы тиіс. Енді осы уақытқа дейін белгілі болған тағайындауларды шолып шығайық. Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Скляр, Премер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Алтай Көлгінов сол лауазымында қалды. Серік Жұманғарин де Премер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі, Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі, Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды. Ғалымжан Қойшыбаев та үкімет басшысының орынбасары және аппарат басшысы қызметін жалғастыратын болды. (КЕСТЕ-2) Енді жаңа министрліктің тізгінін ұстағандарға тоқталайық. Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болды. Бұған дейін ол Президент әкімшілігін басқарған. Министрлік ұжымына жаңа басшыны үкімет басшысы арнайы таныстырды. Және Сыртқы істер министрлігінің жұмыс нәтижесі бәрімізге тікелей әсер ететінін, сондықтан алда ауқымды әрі жауапты іс күтіп тұрғанын атап өтті. Ал, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған Олжас Бектенов босаған Президент әкімшілігінің басшысы лауазымына барды. Сондай-ақ, бүгін Президент жарлығымен ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамында да өзгеріс болды. Самұрық қазынаның да жетекшісі ауысты. Ұлттық әл ауқат қорын енді Нұрлан Жақыпов басқаратын болды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Ал, әзірге тағайындалмаған немесе қайта бекітілмеген министрлер де жұмыстарын қалыпты жағдайда, міндетін атқарушы ретінде жалғастыра береді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу