Ұлыбританиядағы отандастар туған жерімен байланысын ешқашан үзген емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы отандастар туған жерімен байланысын ешқашан үзген емес

03.04.2023

Ұлыбританияда қазақ халқының салт-дәстүрі дәріптелді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - елден жырақта өсіп жатқан өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру. Бұл Тұманды Альбионда түрлі салаларда нәпақасын айырып жүрген отандастарымыз. Бірінің жұмысы мұнаймен байланысты болса, енді бірі ұстаздық етеді. Араларында 20 жылға жуық уақыттан бері осында тұрып жатқандар да бар. Бірақ ешқашан туған жерімен байланысын үзген емес.

Алмаш Әлиева, ұйымдастырушы:

Ұйымдастырудағы мақсатымыз бірге жиналып, бір-бірімен танысу. Көп қазақтар осыған дейін осы жақта тұрса да, бір-бірін танымаған.

Ұлыбританияда бейресми деректерге сәйкес 10 мыңға жуық қазақ тұрады. Дәстүрлі шара биыл бесінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушылар жергілікті белсенді қазақтар. Ағылшындар да өз үлестерін қосуда.

Камилла Ермекбаева, қазақ диаспорасының мүшесі:

Мен Англияданмын. Мен университетте оқып жатырмын. Мен Шымкентте 7 жыл тұрдым. Үйде қазақша тамақтар істеймін: бауырсақ, палау, бесбармақ.

Бұл күні тұсаукесер рәсімі өткізіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сыйлы қонаққа бас тартылып, кәделі мүшелері үлестірілді. Ұяда не көрген бала ұшқанда соны іледі. Ересектер ішке кіргеннен кейін кішкентайлар ешкімнің айтуынсыз-ақ арқан тартып ойнай бастады.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу