Шымкент қаласында жаңа инфециялық ауруханада енді науқас балалар емделеді. Госпиталь 200 төсек орынға лайықталып, қазір қайта жабдықталып жатыр. Коронавирусқа шалдыққан науқастардың азаюына байланысты емдеу мекемесі өткен жылдың наурыз айынан бастап бос тұрған. Орталықта қауіпті індетке шалдыққан адамдар емделгендіктен, бірнеше рет санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер өткізіліп, барлық медициналық бұйым дизинфекцияланған. Емдеу орталығы сегіз блоктан тұрады, оның ішінде реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі бар. Ғимараттың аумағында оттегі станциясы, автономды электр станциясы жұмыс істейді. Ал жұқпалы аурулар госпиталі науқастарға орын жетіспеуіне байланысты балалар ауруханасы қарамағына беріліп отыр. Әсіресе күзгі-қысқы эпидемиологиялық маусымда бронх-өкпе патологиясы бар бала саны күрт көбейген.
Динара Жұмағұлова, қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:
Тиімділігі барлық мүмкіншілігі бар. Орталық желдеткішпен, сонымен қатар балаларға барлық медициналық көмек көрсету құралдарымен қамтамаыз етілген. Бұл бөлімде бронхо пульмонология, ерте жастағы балалар және педиатрия, политивті бөлімдер орналасады.
Ғани Қалмахан