Ақмола облысында жұмыссыз қалған кеншілерге әлеуметтік төлем беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жұмыссыз қалған кеншілерге әлеуметтік төлем беріледі

01.04.2023

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде алтын өндіруші кәсіпорынның жұмысы тоқтап, бір мыңнан астам адам қысқартуға ұшырады. Кеншілер бұл жағдаймен келіспей, шахталардағы суды сорғызуды, кен орны жаңа инвесторға өткенге дейін орташа жалақы төлеуді талап етті. Ал әкімдік тарапынан оларға Степногор қаласындағы өзге кәсіпорындардан жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ, 6 ай бойы жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер берілмек.

Ауылдық мәдениет үйінде өткен келіссөзден кейін билік өкілдері мен кәсіпорын басшылары хаттама бекітті. Келісімге сәйкес, алтын өндіруші Бестөбе кеншілеріне алдағы екі ай ең төмен жалақы төлеуге міндетті. Степногорск қаласының әкімдігі жақын күндері ауыл халқы және жұмысшыларымен аудиторлық талдау нәтижесі бойынша кездесу өткізеді.


Хабарламаларға жазылу