Маңғыстау өңірінің тұрғындары түтінге тұншығып отыр
Маңғыстау өңірін қалың түтін басты. Күйіктің иісі кеше кештен бастап сезілген. Қазір Аягөз Оралбайқызы оқиғаның мән-жайын скайп арқылы айтуға әзір, Аягөз, түтіннің иісі әлі де бар ма?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Шерхан, дәл қазір Ақтауда түтін сейілді, дегенмен иісі әлі де сезіліп тұр. Ал жалпы түтін аймақтың басым бөлігіне жайылған. Мамандар Жаңаөзен қаласынан бастап, барлық аудан-ауылдарға барып, ауа сынамаларын алды. Өндірістік ластаушы заттар анықталмаған. Экологтар кеше түннен бері жер-жерді шарлап, түтіннің қайдан шығып жатқанын таппай жатыр. Осы оқиғаға байланысты жаңа ғана облыстық әкімдікте төтенше жағдайлар департаменті, экология, СЭС мамандарының қатысуымен шұғыл жиналыс болды. Сондағы мәліметтер бойынша түтін Маңғыстауға Атырау облысынан келіп жатыр. Ол жақта Құрманғазы ауданында қамыс өртеніп жатыр. Осыған байланысты құзырлы орғаннан көрші облысқа тиісті хат жолданған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16