СҚО-да оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады

31.03.2023

Солтүстік Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушылары келесі оқу маусымынан бастап мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады. Қазір қажетті қаражат көлемі есептеліп жатыр. Бүгінде облыстағы мектептерде 72 мыңнан астам бала білім алып жүр. Оның 31 мыңы бастауыш сыныптарда оқиды. Қазіргі таңда тегін ыстық тамақпен тек тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары ғана қамтылған. Ешқандай санатқа жатпайтын оқушылардың ата-аналары әр бала үшін күніне 500 теңге төлейді. Келер оқу жылынан бағаны 600 теңгеге дейін көтеру жоспарланған болатын.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу