Кіші Талдыкөлді сақтап қаламыз - әкім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кіші Талдыкөлді сақтап қаламыз - әкім

30.03.2023

Кіші Талдыкөлді сақтап қаламыз. Астана әкімі осылай деп уәде берді. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бұған қатысты нақты жоспар бар. Бірақ ол экологтардың мақұлдауымен іске аспақ. Әкім жуырда ғана табиғат жанашырларымен кездескенін айтты. «Қазір бар көлшіктерді сақтап қаламыз. Ал құрғап кеткендерінің орнына қандай да бір рекреациялық аймақтар саламыз» дейді шахар басшысы. Белсенділер табиғи аймақты қорғау үшін құрылыс компаниялары және әкімдікпен бірнеше жыл бойы күресіп келеді. Алайда көлдің біраз бөлігі көміліп, орнына тұрғын үйлер салынып кетті. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу