Индонезия биыл жасөспірімдер арасында халықаралық футбол чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
Индонезия биыл жасөспірімдер арасында халықаралық футбол чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Мұндай шешімді Халықаралық футбол федерациясы қабылдаған. Оған сай, Джакарта 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында халықаралық турнир өткізетін елдер тізімінен алынып тасталды. Футбол чемпионаты Индонезияда 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтуі тиіс еді.
Алайда Израиль жастар құрамасының ойынға қатысуына байланысты дау туды. Кей партиялар еврей футболшыларының турнирге қатысуына қарсы шыққан. Палестинаны жақтайтын Индонезия мен Израиль арасында дипломатиялық байланыс жоқ. Ал чемпионатты қай ел өткізетіні жақында белгілі болады. Бұған қоса турнир болатын күн өзгеріссіз қалды.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір апта ішінде картоп, қырыққабат және алма арзандады
14.08.2026, 11:39
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57