Әлихан Смайылов қайтадан Үкімет басшысы болып тағайындалды. Сайлауда жеңіске жетіп, басым дауыс жинаған «Аманат» партиясы Президентке экс-премьердің кандидатурасын ұсынған болатын. Заңға сәйкес мемлекет басшысы Мәжілістегі фракция төрағаларымен кеңесті. Кейін төменгі палатаның жалпы отырысында депутаттар дауыс берді. «Аманаттың» ұсынысын «Ауыл» партиясы қолдады. Ал өздерін оппозиция санайтын «Жалпыұлттық социал демократия партиясы» ескі Үкіметті басқарған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамады. Осылайша отырысқа қатысқан 97 мәжілісменнің жетеуі қарсы болып, 8 адам қалыс қалды. 82 депутат ұсынысты қолдап, Әлихан Смайылов Премьер-Министр қызметінде қалды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Маған артқан сенім артқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысы жаңа Үкіметке артылған міндеттің жүгі ауыр деп отыр. Министрлер кабинеті әуелі экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуі тиіс. Ол жылына кем дегенде төрт пайыз болуы керек. Сондай-ақ, былтыр жиырма пайызға бір-ақ шарықтаған инфляцияны екі есеге азайту міндеті тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз жоғары технологияға негізделген өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру.
Айя Мүтәлі