Алматыда 9-сынып оқушысы баллоннан бұрыш шашып, 7 бала ауруханаға жеткізілді
Алматыда 9-сынып оқушысы баллоннан бұрыш шашып, 7 бала ауруханаға жеткізілді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға мектеп дәретханасында үзіліс кезінде болған. Тәртіп бұзған баланың ата-анасы әкімшілік жазаға тартылмақ.
Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі. Қазір иіс тиіп емдеу мекемесіне жеткізілген төрт жасөспірім ем-домнан кейін үйіне қайтарылған. Қалған үшеуі дәрігерлердің бақылауында.
Гүлжан Темірбекқызы, қалалық №96 мектеп директорының орынбасары:
Артынан 10-шы сыныптың 4 баласы келіп, екеуі шашып шығып кетеді. Ол бірден иісті сезіп, мұрнын жауып, жөтеліп, әжетханадан шығып бізге хабарлайды. Хабарлағаннан кейін тез арада есік-терезені ашып, балаларды сыртқа шығарып, эвакуация жасадық.
Құрметбек Тоқтарұлы, №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Тыныс алу жолдарының, тыныс алуының қиындауы, көзінің ашуы, тамақтың ашуы. Сосын балалар шошынып қалған. Ауруханаға тез жеткізілген балалар. Сол себепті ары қарай көмектің дұрыс және уақытылы көрсетілуіне байланысты балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09