Шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріледі

29.03.2023

Президент ел кәсіпкерлеріне үндеу жасады. Мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетілетініне кепілдік беретінін айтты. Бұл сала экономиканың қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Ол туралы көп айтылғанымен, айтарлықтай нәтиже жоқ. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық саясатқа өзгеріс жасау керек деп атап өтті. Бюджеттің тиімді жұмсалуын парламент жіті бақылауда ұстауы тиіс. Жалпы, алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналмақ. Ал ірі кәсіпорындар және шикізат экспортымен айналысатын компанияларға қазынаға көбірек төлем түсіруі керек. Бұл әлемде бар тәжірибе деді Мемлекет басшысы. Президент осы бағыттағы негізгі басымдықтарды атап өтті. Ол нақты индустрияландыру, жергілікті өндірісті дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту болмақ. Бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды, ең алдымен отандық кәсіпкерлер жүзеге асыруға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс. Жобаның нақты әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеру қажет.Осы орайда, Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын. Өйткені, орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу