Алматыдағы ҚТЖ есепшілері алаяқтық жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ҚТЖ есепшілері алаяқтық жасаған

24.03.2023

«Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшілері жалақы есептеуде аляқтыққа барған. Мұны Бас көлік прокуратурасы хабарлады. Құзырлылардың дерегінше серіктестіктің Алматы филиалының қызметкері соңғы төрт жыл ішінде компания қаржысын жымқырып келген. Күдіктілер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына артық төлемдер аударып, оны қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріп отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Еске салайын, бұған дейін осындай қылмыс жасау арқылы 80 миллион теңгеден аса ақша ұрлағаны үшін кәсіпорынның жетекші бухгалтері сотталған болатын.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу