Шымкентте пән олимиадасына келген балалардың 14-і сырқаттанып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Осыған байланысты оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мегаполисте арнайы штаб жасақталды. Оның құрамында министрлік өкілдерінен басқа қалалық білім, денсаулық сақтау басқармасы және санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары бар. Олимпиада кезінде 14 бала дене қызуының көтерілгенін, асқазан ішік қызметінің бұзылғанын және өздерін әлсіз сезінетін айтып шағымданған. Олар жедел жәрдем көлігімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Қазір оқушылардың жағдайы жақсы. Дәрігерлер белгілеген ем домды, қабылдап жатыр. Сондай-ақ балаларға психологиялық көмек те көрсетілуде. Жаратылыстану және математика бағыты бойынша өткен республикалық пән олимпадасына 891 оқушы келген болатын. Штаб мүшелері қазір ауру ошағын анықтап жатыр.
Ғани Қалмаханов