СҚО-да Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
Әз Наурыз мерекесіне орай Петропавл қаласының тұрғындары көпқабатты үйлердің ауласында ақ дастархан жайып, көрші-қолаңға наурыз көжеден дәм таттырды. Ал орталық алаңда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, концерт ұйымдастырылды.
Эльмира Кәленова, тілші:
Күнтізбеде көктем болса да, Қызылжарда әлі қыс жатыр. Бүгін күн салқын. Соған қарамастан орталық алаңда керемет мерекелік атмосфера сезіліп тұр. Облыс халқы Ұлыстың ұлі күнін бір отбасының баласындай тойлап жатыр.
Ақылбек пен Ақан Қалиевтар Ақжар ауданында тұрады. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды көрсету үшін облыс орталығына арнайы келген. Ағайындылар бүркіт баптап, тазы асырайды.
Ақылбек Қалиев, бүркітші:
Жүйрік ат баптағаннан. Бұның бабы қиындау кішкене. Қатты аяздарда үйімізде тұрады. Өзіміздің үйіміздің мүшесі сияқты. Балаларымыз сияқты ғой. Төл спортымыз ғой бұл. Төл спортымызды осындай мерекеміз Наурыз мерекесінде әкелегенде, қайда әкелеміз.
Алаңдағы киіз үйдің бірінде дастархан жайылса, екіншісінде ұлттық бұйымдар көрмеге қойылған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған шеберлер көпшілік назарына өз еңбектерін ұсынды. Үлкендер жағы жілік жару және басқа ұлттық ойындардан күш сынасты. Балалар асық атып, дойбы ойнады. Наурыз мерекесі көпқабатты үйлердің ауласында да тойланды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша палау басылып, наурыз көже пісірілді. Көрші-көлем жиналып, бай дастарханнан дәм алып жатты. Солтүстік Қазақстан облысында наурыз мерекесіне орайластырылған шаралар үш күн бойы жалғаспақ.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16