Сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады

20.03.2023

«Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқаны – елдегі саяси мәдениеттің, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етті». Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған «Жаңа Парламент: Саяси жаңғырудың қорытындылары» атты талқылауда осындай пікір айтылды. Мәжілістің кезекті шақырылымы көп партиялы болуы - саясаттағы бәсекенің қыза түсуіне әкеледі деді саясаттанушылар. Сайлау қорытындысын сараптаған мамандардың пікірінше, кешегі науқанда мемлекет басшысы былтыр жариялаған саяси реформалар іс жүзінде көрініс тапқан. Сарапшылар, әсіресе, сайлау заңындағы жаңа талаптар бойынша тіркелген екі партияның қатысуын және мандатқа ілігу үшін мәжіліске өту шегі 5 пайызға дейін төмендетілгенін атап өтті.

Нұрбек Матжани, Қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы:

Алдыңғы сайлауларға қарағанда, кандидаттар арасында саяси мәдениеттің, саяси сауаттың артқаны және мейлінше кәсіби мамандарға жүгінуге тырысқаны көрініп тұр. Сондықтан, менің ойымша, осы саяси науқан елдегі саяси консультанттардың индустриясы пайда болуына жақсы ықпал жасады деп ойлаймын.

Ермек Тоқтаров, ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

Әлеуметтік желілер үгіт-насихат жасау үшін тегін. Бірақ республика деңгейінде, нақты бір сол округта сайлану үшін жергілікті жерде тұратын адамдардың мүддесін көрсетіп, олардың дауысын жинау – басқа жұмыс. Көп оқырман болса көп дауыс жинайды деген корреляция жоқ. Бұл да бізге көрсетті бір адам медиа ресурсы жоғары болса да, оның саяси ресурсы да жоғары деп айтуға болмайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу