«Ақ жол» Мәжілісте 12 депутаттық мандат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» Мәжілісте 12 депутаттық мандат алды

12.01.2021

«Ақ жол» партиясы Мәжіліске жаңартылған құраммен барады. Оларға берілген мандат – 12. Соның 8-і жаңадан сайланды. Қатарында Қазыбек Иса, Ерлік Өмірғали, Азамат Әбілдаев, Андрей Линник бар. Бүгін партия орталық кеңестің пленумын өткізіп, өткен сайлаудың қорытындысын талқылады. 

Естеріңізге салайық, Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, «Ақ жол» партиясына 800 мыңға жуық қазақстандық дауыс берді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу