Елімізде өткен саяси науқанды ТМД-дан келген байқаушылар миссиясы жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өткен саяси науқанды ТМД-дан келген байқаушылар миссиясы жоғары бағалады

20.03.2023

Елімізде өткен саяси науқанды ТМД-дан келген байқаушылар миссиясы да жоғары бағалады. Сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлаушылардың белсенділігі айрықша болғанын атады. Жалпы, сайлау барысын ТМД миссиясының 196 байқаушысы қадағалады. Оның ішінде 10 байқаушы ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеген.

Леонид Анфимов, ТМД Байқаушылар миссиясының жетекшісі:

Бұл сайлау сіздер үшін маңызды тарихи сәт. Жалпы, дайындықтың деңгейі өте жоғары болды. Әр учаскеде халық үшін жағдай жасалды. Лайықты қызмет көрсетілді. Сайлауда тағы бір байқағаным, тәуелсіз байқаушылар үшін, комиссия үшін ешқандай шектеу болған жоқ. Біз қажетті ақпараттың барлығын алдық.

Вагаршак Акобян, Армения Республикасы Ұлттық жиналысы тұрақты комиссиясының мүшесі:

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу заңнама талаптары сай жүргізілді. Біз көптеген сайлау учаскелерін араладық. сонда адамдардың дауыс беруге ынтамен қуана барғанын көрдік.

Назгүл Әмірбек


Хабарламаларға жазылу