Exit poll нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Exit poll нәтижесі жарияланды

20.03.2023

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты жүргізілген екзит пулдың нәтижесі жарияланды. Еуразиялық интеграция институты жүргізген нәтиже бойынша сайлаушылардың 53,46 пайызы «Amanat» партиясына дауыс берген. Респонденттердің 10,52 пайызы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын таңдаған. «Respublica» партиясына халықтың 8,90 пайызы дауыс берсе, 6,25 пайызы Қазақстан Халық партиясына дауыс берген. «Байтақ» жасылдар партиясы 3,22 пайыз, «Ақ жол» демократиялық партиясы 5,31 пайыз дауыс жинады. Сайлаушылардың 4,47 пайызы «бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған. Ал СОЦИС-А институтының зерттеуі бойынша шекті дауысты бес партия ғана жинаған. Мұнда да «Amanat» көш басында. Сайлауда бақ сынаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4,91 пайыз, ал «Байтақ» партиясы 2,17% дауыспен артта келе жатыр. «Бәріне қарсы» деген нұсқаны сайлаушылардың 4,40 пайызы таңдаған. Айта кетейік, бұл алдын ала зерттеулердің қорытындысы. Ал «Демократия институтының» сауалнама нәтижесі бойынша «Amanat» - 53,33 пайыз, «Ауыл» - 11,26 пайыз, «Ақ жол» - 8,87 пайыз, Қазақстан халық партиясы - 6,93 пайыз, «Respulica» партиясы - 8,33 пайыз, ЖСДП - 5,12 пайыз дауыс жинаған. «Байтақ» жасылдар партиясы 2,51% пайызбен көш соңында. «Бәріне қарсымын» деген сайлаушылардың үлесі 3,65 пайыз.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу