Канададағы отандастар белсенді дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канададағы отандастар белсенді дауыс берді

19.03.2023

Канадада тұрып жатқан отандастарымыздың да дауыс беруі жалғасып жатыр. Ел астанасы Оттавадағы Қазақстан Елшілігі жанынан №279 сайлау учаскесі ашылған. Дипломаттардың хабарлауынша, қазақстандықтар сайлауда жоғары белседілік танытып жатыр. Азаматтық борышын өтеу үшін Канаданың шалғай аймақтарынан арнайы келгендер де бар. Сайлаушылардың арасында, әсіресе Канадада оқып жатқан студенттер көп.

Ұлан Бейімбетов, Карлтон университетінің 1-курс студенті:

Менің атым Бейімбетов Ұлан. Карлтон Университетінің бірінші курс студентімін. Бұл – менің сайлауға бірінші қатысуым. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердім.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу