Қазақстандықтардың 62 пайызы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 62 пайызы дауыс берді

20.11.2022

Елімізде дауыс беруге құқылы азаматтардың 62 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл көрсеткіштен халықтың белсенділігі өте жақсы екенін байқауға болады. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері осылай деп ақпарат таратты. 

Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Қазақстан бойынша 7 450 395 адам бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 62,34 пайызды құрады. Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Бразилияда дауыс беру басталды. 68 шетелдік сайлау учаскелерінің 64-інде дауыс беру жүргізілуде. Америка мен Канададағы учаскелер уақыт айырмасына байланысты кешірек ашылады.


Хабарламаларға жазылу