Американың «Блумберг» агенттігі қазақстандықтардың дауыс беріп жатқанын хабарлай отырып, бақ сынап жатқан жеті партияның екеуі жаңа екеніне тоқталған. Сонымен қатар, мақала авторы бұл саяси шараны үкіметті «қайта іске қосудың» соңғы сатысы деп атапты.
Қазақстандағы сайлау Жапонияның «Никкей-Азия» қаржылық басылымының да назарынан тыс қалған жоқ. «Осы жолы халық дауыс берер қарсаңда бүкіл елде плакаттар ілініп, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас жүріп, саяси науқан әдеттегіден әлдеқайда жанды көрінді», - дейді токиолық тілші.
Сауд Арабиясының ағылшын тілді «Араб Ньюс» газеті Қазақстанды Ресей мен Қытай арасында орналасқан орта азиялық экономикалық держава деп атап, кешкі сағат 8-ге дейін 12 миллион адамның дауыс бере алатынын хабарлады.
Әзербайжанның «Тренд» басылымы болса, бүін Қазақстанда депутаттардың қандай жүйемен сайланатынына көбірек мән берген.
Арыстан Рысбек