Елімізге 230-дан аса шетел журналисі келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге 230-дан аса шетел журналисі келді

19.03.2023

Елімізде өтіп жатқан сайлау туралы хабар тарату үшін шетелден 230-дан астам журналист келген. Олардың арасында әлемнің белді ақпарат агенттіктерінің өкілдері бар. БАҚ өкілдері Бельгия, Грузия, Оңтүстік Африка тәрізді әлемнің түкпір-түкпірінен келген. Журналистер дауыс берудің әділ, ашық өтіп жатқанына куә болғанын айтады. Бұған қоса, олардың пікірінше, Қазақстандағы процестің өтуі өзге елдер үшін үлгі бола алады. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлаудың демократия принциптеріне сай өтуі елдің саяси, конституциялық рефомаларының көрінісі деген пікірде.

Милена Богданова, журналист /Болгария:

Сайлаушылардың жоғары белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Менің өз елімде халықтың саяси белсенділігі төмендеп барады. Сіздерде дауыс беруге сайлаушылардың 70 пайыз болса, бізде 35 пайыз дер едім. Дауыс беру де жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықаралық бақылаушылардың да саны көп.

Альберта Туркстра, журналист /Бельгия:

Бұл менің Қазақстанға бесінші мәрте келуім. Бұған дейін болған парламенттік және президенттік сайлауларға байқаушы болдым. Саяси, конституциялық реформалардың сайлау науқанына ықпалын зерттедім десе де болады. Елдің саяси өмірінде жастардың, әйелдердің белсенді жатқанына куә болып отырмын. Саяси партияларға да көбірек мүмкіндік берілген. Әрине бұл қысқа уақытта емес, біртіндеп жүзеге асатын процесс. Осы сайлау кезінде маған жастардың дауыс беруге көптеп қатысуы үлкен әсер қалдырды. Ал Еуропада керісінше олардың саясаттағы белсенділігі төмендеп барады.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу