Сайлау елдегі өзгерістерге жаңа серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау елдегі өзгерістерге жаңа серпін береді

19.03.2023

Парламент сайлауы - Президент ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Өйткені бұған дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сенат пен Мәжілістің қызметі қайта қарастырылды, бірқатар конституциялық заң қабылданды. Сайлау елдегі өзгерістерге жаңа серпін береді. Бүгін дауыс берген билік өкілдерінің пікірі осыған саяды. Елордадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесі. Мұнда келіп, дауыс берген азаматтардың арасында парламент сенатының төрағасы - Мәулен Әшімбаев те бар. Ол соңғы жылдары елімізде жүргізілген жүйелі жаңғыртулардың нәтижесінде барлық саяси құрылым мен қоғамдық-саяси қатынастардың парадигмасы түбегейлі өзгергенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осы сайлаудың ашық әділетті түрде толықтай заңнаманың негізінде өткізу керектігін президентіміз бірнеше рет айтқан болатын. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдардың тарапынан тиісті жұмыстар жасалды. Сол себепті осы сайлау толықтай заңнаманың негізінде толықтай халықаралық стандарттардың негізінде, бәсекелі түрде, ашық түрде өтеді деп сенеміз.

Тап сол нөмірі 111-ші сайлау учаскесіне премьер-министр Әлихан Смайылов та келіп, өз таңдауын жасады. «Сайлау елдегі өзгерістерге жаңа серпін береді». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс бергеннен кейін журналистермен сұхбат барысында осылай деп айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік Кеңесші, осы жолғы сайлаудың маңызы зор екендігін атап өтті. Өйткені бұл сайлау – Мемлекет басшысы қолға алған реформалардың жүзеге асып жатқанының көрінісі.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Өздеріңіз білесіздер. Осыған дейін, негізінен партия мүшелері ғана сайлауға қатыса алатын. Енді бір мандаттық енгізілгеннен кейін, сонымен қатар қарапайым азаматтардың сайлауға түсуге мүмкіндігі ашылды. БҰЛ ең алдымен сайлау құқығының кеңеюінің белгісі. Екіншіден бұл сайлаушыларға – өкілетті органдарға өз өкілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Міндетті түрде жоғарыда айтқандай, партия мүшелері емес, кез-келген азаматты өз саласының, өзінің елді-мекенінің мүддесін қорғай алады деген адамды таңдауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, елімізде сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық нормаларға сай өтуі үшін барлық шара қабылданды. Сайлау барысына мониторинг жүргізу үшін 12 халықаралық ұйым мен 41 елден келген 700-ден астам байқаушы аккредиттелген.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу