Солтүстік Қазақстанда 631 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 97-і облыс орталығында тіркелген. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Cондай-ақ Варшавадағы жағдайды әріптесім Аида Әбіл де сәлден соң баяндайды. Алдымен Эльмираға сөз берейін. Қайырлы күн. Теріскейде саяси науқан қалай өтіп жатыр?
Эльмира Кәленова, тілші:
Қайырлы күн, Альбина! Бүгін өңір халқы белсенді. Дауыс беру құқығына ие 384 мыңнан астам адам бар. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше ауыл тұрғындарының жартысына жуығы өз таңдауын жасап үлгерді. Сайлау учаскелерінде жәрмеңке ұйымдастырылған. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағаға сатып ала алады. Саяси науқан ашық әрі әділ өтуі үшін 7 ұйым атынан байқаушылар жұмыс істеп жатыр. Қазір менің жанымда қоғам белсендісі, байқаушы Әнуар Тоқпанов тұр. Әнуар қайырлы күн! Байқаушы ретінде неше учаскені араладыңыз? Сайлау тәртібін бұзу деректері тіркелді ме? Рахмет. Ұлттық арна тілшілері әлемнің әр түкпірінен хабар таратып жатыр. Мен сөзді Варшавадағы әріптесім Аидаға берем.
Эльмира Кәленова