Түркістан облысы – еліміздегі ең көп сайлаушы тіркелген өңір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы – еліміздегі ең көп сайлаушы тіркелген өңір

19.03.2023

Түркістан облысы еліміздегі ең көп сайлаушы тіркелген өңір. 2 миллион 119 мыңнан аса тұрғын бар болса, солардың жартысынан астамы өз таңдауын жасайды. 

Айнұр Ақбаева, тілші:

Таңғы 07:00-ден бері облыста 941 сайлау учаскесі ашылып, тұрғындар дауыс беріп жатыр. Олардың белсенділігі ерекше жоғары деуге болады. Емдеу мекемелеріндегі науқас азаматтардың да дауыс беруіне жағдай жасалған. Қазір біз облыстық клиникалық ауруханада тұрмыз. Мұнда 650 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың 200-ден астамы сайлау учаскесіне келіп дауыс беруде. Ал ауруханадағы өздігінен жүре алмайтын науқастарға сайлау учаскесінің өкілдері барып, дауыстарын қабылдауда. Олардың саны 400-ден астам. Айта кетейік, бүгін өңірде 1 миллион 168 мыңнан аса адам дауыс береді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу