Алматыдағы электорат та өз таңдауын жасап жатыр. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары сайлауға белсене қатысуда. Мұндағы саяси дода барысын тәуелсіз байқаушылар қадағалап отыр. №143 жабық сайлау учаскесінде 500-ге жуық сарбаз дауыс берді.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бұл әскери жоғары оқу орны – Орта Азия бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын жалғыз білім ордасы. Құрылғанына 22 жыл толған әскери институт әуе қорғаныс күштері мен қазақ армиясының қатарын білікті мамандармен толықтырып келеді. 2000-нан аса лейтенант тәрбиелеп шығарған. Бір сөзбен айтқанда, сайдың тасындай іріктелген жастар білім алады. Бүгін дауыс берген курсанттардың барлығы осымен үшінші мәрте сайлауға қатысқан.
Айта кетейік, қазір мегаполис бойынша 600-ден аса сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 1 миллион 200 мыңға жуық адам дауыс бере алады. Оның 70-ке жуығы жабық, яғни, осындай әскери мекемелерде, ауруханаларда орналасқан. Біз тұрған оқу орнында дауыс беруге құқығы бар 500-ге жуық адам өз таңдауын жасап үлгерді.
Қуан Нұрақын