Алғашқы болып Сеулдегі отандасымыз дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғашқы болып Сеулдегі отандасымыз дауыс берді

19.03.2023

Мәжіліс сайлауында алғаш дауыс берген Корея мен Жапониядағы азаматтарымыз болды.

Астана уақытымен таңғы 4:00-де Сеулдегі 258-ші сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасаған Қазақстан азаматы курсант Асанов Елнұр болды. Ол бұл сайлаудың еліміз үшін маңызды екенін айтады. 

Елнұр Асанов, Сеулдегі Қазақстан азаматы:

Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Еліміздің нығайып, өркендеуін тілеймін!

Сондай-ақ, осы уақытта Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларындағы дауыс беру учаскелері де жұмысын бастады. Айта кетейік, әлемдегі 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі ашылған.

Хабарламаларға жазылу