АҚШ-та 200-ге жуық банк банкрот болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 200-ге жуық банк банкрот болуы мүмкін

18.03.2023

Америка құрама штаттарында 200-ге жуық банк банкрот болуы мүмкін. Мұны сарапшылар Wall Street Journal басылымына берген сұқбатында айтқан. Олар Silicon Valley Bank күйін кешуі ықтимал қаржы институттарын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген. 186 банкке қауіп төніп тұрғанын анықтапты. Пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауына байланысты салымшылар депозиттегі қаражатын шешетін болса, банк активтері құнсызданып кетеді. Бұл кезде нарыққа реттеуші институттар араласады. Бірақ, мамандар зерттеуде қаржы институттарын жоғары пайыздық мөлшерлеменің кері әсерінен қорғайтын сақтандыру құралдарын есепке алмаған көрінеді.

Айта кетейік, өткен аптада АҚШ-та екі бірдей ірі банк жабылып қалған болатын. Президент Джо Байден, «елдегі банк жүйесіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ» деп мәлімдеумен келеді. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу