Бүгіннен бастап депозиті бар қазақстандықтарға 10 пайыз көлемінде өтемақы төлене бастады. Мемлекет ол үшін екінші деңгейлі банктерге жалпы соммасы 306 млрд теңге аударған. Сайақы екі күннің ішінде 2 млн 615 мың салымшының шотына түседі. Оны 1 қаңтарға дейін депозит ашқан банкке барып, өтініш тастағандар ғана алады. 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша өтелетін ең жоғарғы сома – 20 миллион теңге.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Салымшыларға өтемақы төлене бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/173111/)