Үстемақы алатын медицина мамандарының саны артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үстемақы алатын медицина мамандарының саны артады

21.08.2020

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Тізімнің алдыңғы шебінде 3,5 мың мобилді топ мамандары, яғни шамамен 10 мыңға жуық қызметкер тұр. Қосымша ақының көлемі 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Егер қызметкерлерде үстемеақы төлеу бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, олар өңірлік комиссияларға жүгінуі қажет. 

Атырауда коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына және инфекцияны жұқтырған денсаулық сақтау саласының мамандарына өтемақы төлене бастады. Арнайы комиссия СOVID-19 бен вирустық пневмония жұқтырған 650 медицина қызметкерін анықтады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу