Шымкентте қазынаның 70 миллион теңгесін мақсатсыз жұмсауға жол берілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қазынаның 70 миллион теңгесін мақсатсыз жұмсауға жол берілмеді

17.03.2023

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазынаның 70 миллион теңгесін мақсатсыз жұмсауға жол бермеді. Тексеріс кезінде №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы биыл 225 тоннаға жуық қара бидай нанын сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Ол үшін қазынадан 74 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бірақ былтыр дәл осы орталықтың нанды бұдан 4 есе аз тұтынғаны белгілі болды. Яғни жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік сатып алу көлемін әдейі көбейткен.

Жандос Жұмабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департамент басшысының орынбасары:

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жоспарланған сома 3,4 млн. теңгеге дейін төмендетілді. Қажетті нан саны 25,7 мыңға азайтылды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу