Астанада онлайн сауда алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада онлайн сауда алаңы ашылды

15.03.2023

Астанада кәсіпкерлер үшін онлайн сауда алаңы ашылды. 38 мың шаршы метр аумақты алып жатқан қойманың тәулігіне кемінде 260 мың тапсырысты өңдеуге мүмкіндігі бар. Азық-түліктен бастап электроника мен құрылыс материалдарына дейін кез келген санаттағы 9 миллион әртүрлі тауар сақтауға жағдай жасалады. Бұл ірі логистикалық хаб қазақстандық кәсіпкерлерге өздерінің онлайн бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни, онлайн тапсырыстарды өңдеу және тұтынушыларға тауарларды жеткізу уақытын қысқартады. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Орталық биыл сәуірден бастап тауарларды қабылдауға кіріседі.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі:

Сауда-саттық орталықтың мультипликативті эффекті 40 млрд теңгеге жетеді. Ол, біріншіден, біздің экспортты дамыту. Екіншіден, мына тауарлардың сапасын арттырып, бизнесмендерді оқыту. Үшіншіден, жаңа нарықтарды ашу. Сол себептен біз осындай маркетплэйспен жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу