Ақтөбе облысының Қобда ауданында 50-ден астам тұрғын үйді су басты
Ақтөбе облысының Қобда ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Аудан орталығында суға кеткен үй саны соңғы деректер бойынша 51-ге жеткен. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланыста.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Дархан, қазір Қобда ауылының тұрғындары тұрмыстық техника мен өзге де заттарын қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Бұған дейін жиналған қар суын ойға қарай ағызып жіберу үшін Самара-Шымкент тас жолы жырылған еді. Кеше кешкілік бұл жол учаскесі қайта ашылды. Жалпы, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қарғын сумен екінші тәулік күресіп жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауылдағы бірнеше әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан да су ортасында қалған. 100-ге жуық адам эвакуацияланған. Қазір олардың бәрі туған-туысының үйінде.
Шығын көлемі әзір белгісіз. Өйткені мамандар судың беті толық қайтқан соң ғана есептеуге кіріседі. Дегенмен, көмек міндетті түрде көрсетіледі. Мұны тұрғындармен кездескен облыс әкімі де айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15