Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге дейін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге дейін арттырады

09.03.2023

Қазақстан келер жылдың соңына дейін мұнай өндірісін тәулігіне екі млн баррелге дейін арттырмақ. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Хюстон қаласында өтіп жатқан Серауик халықаралық энергетикалық конференциясында мәлімдеді. Оның ішінде «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уирттің хабарлауынша, ТеңізШевройл компаниясының да мұнай өндіру көлемі артады. Себебі, он жылға созылған өндірісті кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын. Айта кетейік, америкалық мұнай компаниясы еліміздің энергетика саласына қаржы құйған алғашқы шетелдік инвестор. Соның нәтижесінде отыз жыл ішінде мұнай кенішіндегі қара алтын өндірісі бірнеше есе өсіп, тәулігіне елу мыңнан 700 мың баррелге жеткен.

Майкл Уирт «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры:

Қазір бізде бұл межені тәулігіне бір миллион баррелге жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл қазір аса қажет. Өйткені, қара алтынның негізгі бөлігі Европаға жөнелтіледі. Сондықтан өндірісті кеңейту құрылысы аяқталып, іске қосу процесі басталды. Бұл аса ауқымды жұмыс. Оның бір бөлігі биыл, екінші жартысы келер жылы жүзеге асады. Осылайша біз межеге жақындадық, бұл әлем қара алтын тасымалына көбірек мұқтаж кезде аса маңызды. 

Жалғас Сәдібек

Хабарламаларға жазылу