Халық пікірі: Сайлауда әр дауыс маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Сайлауда әр дауыс маңызды

14.03.2023

Сайлауда дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы. Алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына тұрғындардың қызығушылығы жоғары. Саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауымызды жасауымыз керек дейді олар.

- Сайлауда әрбір Қазақстан тұрғынының дауысы маңызды деп есептеймін. Әрбір сайлауға түсіп жатқан адамдарды қоғам белсендісі, әрқайыссын танимыз, әрқайыссын білеміз қандай жұмыстар атқарып жатқанын, сол үшін де өте жақсы сайлау болады деп ойлаймын.

- Иә, әрине қатысамын. ҚР азаматы ретінде, осы қаланың тұрғыны ретінде. Сайлаудан кейін оң өзгерістер күтемін әрине, өйткені халық болып, ел болып.

Нағыз халықтан сайланған кандидаттар Мәжіліске барса, ол үлкен жетістік. Мемлекетімізге де, саяси жағынан да көп мәселелер көтеріледі, шешіледі деп ойлаймын. Өйткені халықтан сайланған кандидаттар біздің ойымызды, үнімізді ертең жоғарыға жеткізіп, тиісті заңдар қабылдайтын болады.


Хабарламаларға жазылу