Мемлекеттік хатшы бірқатар елшілерді қабылдады

13.05.2016
Мемлекеттік хатшы бірқатар елшілерді қабылдады
Австралия, Ирландия, Бенин, Эфиопия және Сирия Араб Республикаларының елшілері енді сенімге селкеу түсірмей, міндетті мінсіз атқармақ.

Бүгін Мемлекеттік хатшы бірнеше елдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады. Австралия, Ирландия, Бенин, Эфиопия және Сирия Араб Республикаларының елшілері енді сенімге селкеу түсірмей, міндетті мінсіз атқармақ.

Олар Қазақстанмен барлық саладағы байланыстарды жандандыруға мүдделі. «Қазақстан қарқынды дамуымен әлемге үлгі», деген дипмиссия басшылары біздің елмен өз мемлекеттері арасындағы әріптестікті тереңдетіп, жаһандық экономиканың қиындықтарына қарсы бірлесе күресуге әзір екендерін жеткізді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу