Женевада Украина астығының экспорты жайлы келіссөздер жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Женевада Украина астығының экспорты жайлы келіссөздер жүріп жатыр

14.03.2023

Украина астығын әлемдік нарыққа жеткізу туралы келісімді жалғастыру жөнінде келіссөздер өтіп жатыр. Мұны бүгін Түркия қорғаныс министрлігі хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Ресей мен Украина Анкара мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арағайындығымен Қара теңіз порттарынан бидай экспорттауға жол ашу туралы келісімге былтыр шілденің 22-де қол қойды. Сол уағдаластықтың уақыты наурыздың 19-да аяқталады. Ал, Ресей оның мерзімін тағы 60 күнге ғана ұзартуға келіскен. Украина болса, әу-бастағы шарт бойынша, бұл мерзімді 120 күнге созуды талап етіп отыр.

Айта кетсек, Украинада өндірілген астық пен күнбағыс майы және өзге де азық-түлік әсіресе, Африка мен Таяу шығыс елдерінде қымбатшылық пен ашаршылыққа жол бермеу үшін өте маңызды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу